Уганда тұрғыны Нинсииманың күйеуі оның екі қолын шауып тастаған.
Мұны естіген Солфорд университетінің медицина факультетінде оқитын британдық студенттер Нинсиима үшін протез дайындап оны Угандаға жіберді.
Нинсиима қолсыз қалғанда ол жүкті еді. Енді ол қайта балаларына қамқор бола алады.