Испанияның Премьер-Министрі Каталония парламентін таратпақ

/uploads/thumbnail/20171028095922130_small.jpg

Испанияның Премьер-Министрі Мариано Рахой Каталония парламентін таратып, сайлауды желтоқсанның 21-не тағайындады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігіria.ru-ға сілтеме жасай отырып.

Бұл туралы Рахой Министрлер кеңесінің шұғыл мәжілісінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлім еткен болатын.

Премьер-Министр женералитетті таратып, оның басшысы Карлесса Пучдемонды және Каталония полициясының басшысын лауазымынан аластатты.

Мәселе өзін-өзі басқаруды тоқтату емес, заңды каталондықтарға қайтаруды қамтамасыз ететін қалыпты жағдайға келтіру жөнінде болып отырғандығын мәлімдеді. «Құқықтық мемлекет өзінде заңның орындалуын қадағалайтын құралдары бар екендігін дәлелдейді»,- деп қосты Рахой. Каталония парламенті жұма күні Испаниядан тәуелсіз болуды қолдап, дауыс берді. Испания сенаты өз кезегінде конституцияның 155-ші бабын қолдануды мақұлдады.

Аталмыш бап Каталония үкіметін отставкаға жіберіп, автономияны тікелей Мадридке бағындырып және жаңа сайлау болады.

Қатысты Мақалалар