Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болған психологиялық тест

/uploads/thumbnail/20171029194440262_small.jpg

Майерс-Бриггс деп аталатын  психологиялық тест Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болған. Аталған психологиялық тест сол жылдары әйелдердің қандай жұмыс жасауға лайық екенін анықтау үшін кеңінен қолданылған. Бұл тест арқылы әр адам өзінің ішкі жан дүниесі мен мінез ерекшеліктерін және қабілетін біле алады.

Қазіргі кезде батыс елдеріндегі атақты компаниялар осы тестті қолданып жүр. Психологиялық тест қарапайым 4 сұрақтан және 2 нұсқадан тұрады.  Содан кейін сіз әріптерден тұратын қатар арқылы өзіңіз туралы жақсырақ білетін боласыз.

Сіз үшін бұл апта өте ұзақ әрі қиын болды. Сіз қатты шаршадыңыз. Ертеңгі демалыс күніңізді қалай өткізесіз?

Е) Достарыма хабарласып, алдағы демалыс күніне қандай жоспары бар екенін сұраймын. Барлығымыз жиналып көңіл көтеруіміз керек.

І) Телефонымды өшіріп тастап, үйде жалғыз қалам. Телехикая қарауды жалғастырамын, кітап оқимын.

Қай нұсқа сізге аз да болса сәйкес келеді?

S) Мен үшін ең маңыздысы дәл осы сәт. Мен нақтылыққа ған мән беремін.

N) Факт – қызықсыз. Мен армандауды, қиялдауды жақсы көремін. Кейде оқиғалардан сценарий құрастырамын. Интуиция арқылы таңдау жасаймын.

Сіз жұмыс жасайтын компанияның қырсыласы саған жұмыс ұсынды. Сіз әлі шешім қабылдамадыңыз. Сізге ұсыныс жасаған компанияның жалақысы жоғары, бірақ сіздің қазіргі ұжымңыздағылар өте керемет жандар. Сіздің қазіргі басшыңыз да жақын арада дәрежеңізді көтеретінін айтты. Сіз қалай шешім қабылдайсыз?

T) Маған ұсыныс жасаған компанияны зерттеймін. Екі жағдайды да бірдей жақсы және жаман жағын қарастырып, салыстырамын.

F) Өзімнің ішкі сезімімді, жүрегімді тыңдаймын. Ішкі интууицияма сенемін.

Жақын досыңыздың 2 аптадан кейін тойы болады. Сіз қалай дайындалып жатырсыз?

J) Мен 1 ай бұрын музыканттармен келісіп қойдым. Той күні мектеп кездегі биді билейтін боламыз. Тойға тілегімді де ойластырып қойдым. Алдын ала киімді де, басқасын да дайындап қойдым. Тек той күнін күту ғана қалды.

P) Не үшін ерте дайындаламын? Мен тойда емін-еркін демалатын боламын. Тойға тілекті сол кезде айтсам  ғана шынайы жүректен шығады. Барлық керемет сәттер кездейсоқ болғаны үшін есте қалады.

ESTJ – Басқарушы

Сіз барлығының рет-ретімен тұрғанын, рет-ретімен орындалғанын қалайсыз.  Кез келген жұмысты жоспарлы түрде орындайсыз. Алайда сіз өзгелерге өзіңіздің шынайы екендігіңізге және өзіңіздің ойыңыздың дұрыс екендігіне сендіре аласыз. Өмірге парасатты адам ретінде қарайсыз, көбінесе фактілерге сенесіз.

Ашық адамсыз, өзгелермен тез араласа аласыз. Жаныңызға жақын жандарға өз махаббатыңызды, қамқорлығыңызды көрсете білесіз.

ENTJ – Командир

Сіз үшін өмір күрестен тұрады. Жүрек жұтқан адам деп сізді айтуға болады. Тәуекел ете аласыз. Бұл жетістікке жете алатындардың ғана қасиеті болып саналады. Сонымен бірге сіз өзіңіздің күшті және әлсіз тұсыңызды бірдей қарастырып, бағалай білесіз.

Жаңалық ашуға құмарсыз. Кез кеген жағдайда позитивті ойлай аласыз. Сіз өміріңізді спортпен байланыстырғансыз.  Спорт десе ішкен асыңызды жерге қоятын жансыз.

ESFJ – ұстаз

Адамдармен қарым-қатынас орната аласыз. Кез келген адаммен араласа аласыз. Ұқыпты әрі қамқор жансыз. Үнемі өзгелерге қол ұшын соза аласыз, тіпті өзге адам үшін өзіңізге қымбат, маңызды дүниеден бас тартасыз.

Өз жұмысыңызды өз бетіңізбен орындайсыз, өзгелерді көмегіне мұқтаж емессіз. Жақын адамдардан тек қолдау күтесіз.

ESTP – маршал (генералдан жоғары атақ)

«Бастысы жеңіс емес, маңыздысы қатысу» деген сіз үшін қатсты айтылмаған. Әрқашан биікке ұмтыласыз. Өзіңіздің алға қойған мақсатыңызды орындамай тыным таппайсыз, тіпті физикалық күш керек болса да барыңызды саласыз. Үнемі жоспар жасап, орындайсыз.

Туа бітті балуансыз, ширақ қимылдайсыз. Кез келген күрделі мәселелерде тез шешім қабылдай аласыз.

ENFJ – жетекші, тәлімгер

Қызуқанды жансыз. Өзгелердің көңіл-күйін, не айтқысы келгенін бірден түсінесіз. Тіпті өзгелер көре алмайтын  жасандылықты байқай аласыз. Сезімге келгенде сенімсіз, қызғаншақсыз.

Үнемі болашақты ойлайтын жансыз. Алдағы болатын келеңсіздіктерді сезіп, дайын тұрасыз.

ENTP – өнертапқыш

Идеялардың  генераторы, үнемі жаңалық ойлап табуды ұнатасыз, әрі ойға алған жаңалығыңызды іске асырасыз. Кез келген ортаға бейімделіп кетесіз. Қиын жұмыстардың жеңіл жолын тауып, оны іске асырасыз.

Өмірде ойға алған идеяны жүзеге асыру үшін бәріне барасыз.

ESFP – саясаттанушы

Өзіне берілген мүмкіндіктерді кәсіби тұрғыдан алдын ала анықтай алады. Өзгелермен өзіне қолайлы және ортақ қызғушылық  болса ғана араласады.

Уақытты босқа өткізгенді ұнатпайды. Жұмысының нәтижесін асыға күтеді. Өзіне билік жүргізгісі келетіндерді жек көреді.

ENFP – чемпион

Білуге, үйренуге  құмар жансыз. Жан дүниеңіз энергияға толы. Шығармашылықпен де айналыса аласыз. Өзгелермен тез араласа алмайсыз, алайда олардың жан дүниесін тез түсінесіз. Өзгелерге қолдау білдіре аласыз, кеңес бересіз.

Өмірде көптеген мүмкіндіктер беріледі деп ойлайсыз, шексіз қиялға ие жансыз. Қандай қиындық болмасын өз-өзіңізді ұстай аласыз.

INFP – шипагер, емші

Сіздің жан дүниеңіз лирикаға құмар. Арманшыл, ішкі түйсігіңізді бірінші орынға қоясыз. Кейбір ойыңыз сіздің ішкі жан дүниеңіздің түпкіріне бойлап, түсінуге мүмкіндік береді. Кез келген оқиғада түйсікке сеніп, шешім қабылдайсыз және адамдарды дұрыс тани аласыз.

Үнемі жарқырап жүргенді ұнатасыз, кез келген уақытта әдемі болып көрінгіңіз келеді.

ISFP – композитор

Қарапайым дүниелерге қуана білесіз. Өзгелерге керек болғанды, көмек көрсеткенді ұнатасыз.  Ұрыс-керісті болдырмауға, өзгелердің көңіл-күйін көтеруге тырысасыз.

Өте қамқор, нәзік, сенімді жансыз, адал жар бола білесіз. Өмірді қалай бар солай қабылдайсыз. Өзгелерге билік жүргізгенді ұнатпайсыз.

INTP – архитектор

Өмірге философиялық тұрғыдан қарайсыз. Үнемі қалыпты көңіл күймен жүресіз. Шешім қабылдар кезде 7 рет өлшеп, 1 рет кесесіз. Сараптама жасағанды жақсы көресіз, өткеніңіз бен бүгінгі және келешегіңіздің арасындағы байланысты іздейсіз.

Өзгерістерді жүрекке тез қабылдап, тез бейімделе алмайсыз. Үнемі факт, идея іздеумен болып, өзіңізді өзіңіз шаршатасыз.

INFJ – кеңесші

Өзгелердің дарынын, қабілетін тез анықтап, кеңес бере аласыз. Сізден ақыл сұрайтындар көп. Сіздің жүрегіңіз нәзік, тез жараланады. Сезім, қамқорлық жетіспеген кезде қатты қиналасыз.

Сізді алға жетелейтін ішкі түйсік. Үнемі өмірден сабақ алып, өз өзіңізді шыңдап жүресіз. Өз-өзіңізді тану арқылы өзгелерге ақыл айтасыз.

INTJ – шабытандырушы

Рухани жағынан бай адамсыз. Барлық қабілетіңізді шыңдай білесіз, сол үшін тырысасыз.  

Алайда өзгелермен тіл табысуға келгенде қатты қиналасыз. Сіз жалғыздықты, тәуелсіздікті  жақсы көресіз.  Өзіңіздің ішкі түйсігіңізге сенесіз.

ISFJ – қорғаушы

Өтірікті жек көресіз. Адамдармен қарым-қатынас кезінде өз адамдарыңыз мен бөтен адамдарды анықтап, бөліп аласыз. Бөтен адамдармен алыстан араласасыз. Ал өз адамдарыңыз үшін барыңызды бересіз және ақысына ештеңе сұрамайсыз.

Берген уәдеңізді орындайсыз, айтқан сөздеріңіз іс-әрекетіңізге сай. Ақкөңіл әрі қамқор жансыз.

ISTP – зергер

Техниканы жақсы меңгерсеңіз де қолмен бұйым жасағанды ұнатасыз. Шешім қабылдауға асықпайсыз. Барлығын ойластырып, ойланып барып қана шешім қабылдайсыз. Кездесуге, жиынға кешікпейсіз.

Өмірді ішкі сезім арқылы танисыз, көзқарасыңыз нақты әлі обьективті. Адамдардан жасандылық байқаған кезде онымен араласпауға тырысасыз.

ISTJ – инспектор

Үнемі терең ойда жүресіз, жауапкершілікті сезіне білесіз. Сізге сенуге болады, алайда сіз өзгелерге сене алмайсыз. Барлық ақпаратты сараптап, анықтай аласыз. Қызметтестеріңізбен тек жұмыс барысымен ғана араласқанды жөн көресіз, одан артық араласпауға тырысасыз. Нәтижелі жұмысты ғана атқарасыз.

Қаталдықты, тәртіпті ұнатасыз. Аспанда қалқып жүрмейсіз, үнемі нақтылықты ұнатасыз.

Қатысты Мақалалар