30 қазанда Мемлекет басшысының тапсырмасымен Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Бакуде (Әзербайжан) Баку - Тбилиси - Карс теміржол бағдарының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі primeminister.kz мәліметіне сүйеніп.
Сондай-ақ, шараға Түркия Президенті Р. Ердоған, Өзбекстан Премьер-Министрі А. Арипов, Грузия Премьер-Министрі Г. Квирикашвили, Тәжікстан көлік министрі Х. Худоерзода, Түркіменстан теміржол көлігі министрі Д. Бяшимов қатысты.
Ашылу барысында «Алтын балдақты» қағу символдық дəстүрі мен теміржол нұсқарын бұру рәсімі, сондай-ақ мемориалдық тақтаны ашу шаралары өтті.
Пікір қалдыру