12 жастағы бүлдіршін 6 жасынан бастап зорлық әрекеттің құрбаны болған

/uploads/thumbnail/20171031084113108_small.jpg

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 12 жастағы қыз балаға зорлық әрекет көрсеткен педофилге қатысты іс қозғады. Бұл туралы Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Сотта мәлімделгендей, ақтөбелік 40 жастағы Т. есімді азамат өз бауырының 12 жастағы өгей қызының дәрменсіздігін пайдаланып, 2016-2017 жылдар аралығында тұрақты түрде зорлық әрекет көрсетіп келген»,- делінген ведомствода.

Педофилдің қылмысы қыздың анасы күйеуімен айырылысқан соң ғана ашылған. Алдын ала тергеу барысында қыз 6 жасынан бастап зорлық әрекеттің құрбаны болғаны анықталды.

Құқыққорғау органдарының араласуымен педофил қамалды.

Сот Т. есімді азаматты жас баламен жыныстық қатынасқа түскені үшін, оның дәрменсіздігін пайдаланып жәбірлегені үшін кінәлі деп тапты. ҚР ҚК 120-бап, 4-бөлім және 124-бап, 3-бөлімдеріне сәйкес, айыпталушы 17 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын атқарушы жүйедегі ең жоғарғы қауіпсіздік мекемелерінде өтейді.  

Сонымен қатар, кәмелет жасқа толмаған балаларға қатысы бар жұмыс істеуге тыйым салынды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар