2017 жылғы 31 қазан – 2 қараша аралығына арналған ауа райы болжамын Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет мәліметіне сүйеніп.
Демалыс күндері кейбір облыстарда ауа температурасы 3-9ºС климаттық нормадан жоғары жылы ауа райы байқалды. Мұндай ауа райы Иран аймағынан Қазақстанға және Батыс Сібірге жылы ауа массаларының кең шығуымен байланысты.
Жақын үш тәулікте жылы, кей жерлерде жауын-шашынды ауа райы оңтүстік және шығыс облыстарында сақталады. Батыс және солтүстік-батыс облыстарына Ресейдің еуропалық бөлігінен ақырындап суық және дымқыл ауа массалары толтырыла бастайды. Сондықтан мұнда жауын-шашын, жаңбыр, дымқыл қар, тұман, ақырындап температураның төмендеуі және көктайғақ күтіледі.
Пікір қалдыру