Пәкістанда жаңа келін отбасының 15 адамын улап өлтірген

/uploads/thumbnail/20171031165340508_small.jpg

Пәкістанда 21 жастағы Асия Бибі есімді қыз күйеуін өлтірмекші болған үшін ұсталған.  Пенджаб провинциясында бірден 15 адам уланып қайтыс болған деп жазады Вести.ru.

Мәліметтерге сүйенсек, қыздың сүйген жігіті болғанына қарамастан, оны  өз еркінен тыс күйеуге берген. Жас келін үйден қашып кеткен екен, алайда оның туыстары қызды қонысына қайта апарып тастаған. Осыдан кейін жас қыз күйеуін сүтке у қосып улап өлтірмекші болған.  

Алайда уланған сүтті оның күйеуі ғана емес, барлық 27 адамнан тұратын үлкен отбасы ішіп уланып қалған. Бибінің күйеуі және тағы 15 адам көз жұмған.

Асия Бибі мен оған бұл қылмысты жасауға көмектескен жігіті мен әпкесі ұсталып, қамауға алынды. Оларға қандай жаза тағайындалғаны әзірге белгісіз.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар