Ғалымдар ақырзаман қашан болатынын айтты (видео)

/uploads/thumbnail/20171031173111987_small.jpg

Батыс конспирологтары ақыр заман болатын күнді атады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Олардың айтуынша, қарашаның екінші жартысында Нибиру планетасының гравитациясы Жер планетасының литосфералық тақтасының қозғалуына ықпал етеді. Соның салдарынан жер сілкінісі болып, жанартаулар атқылайды.

Уфологтардың болжауынша, катаклизм барлық елге әсер етеді. Миллиондаған адам көз жұмады. Зерттеуді жүргізген Терраль Крофтың айтуынша, 2017 жылдың қараша айының соңғы екі аптасында ғаламдық сейсмологиялық белсенділік ең жоғары шегіне жетеді. Сарапшылар ақыр заман 19-шы қарашада болады деп болжайды.

Нибиру немесе «Белгісіз планета» Күннің айналысында әр 3600 жыл сайын айналады деген болжам бар. Осы теорияға сенетіндердің ойынша, 100 жыл бұрын Нибиру планетасы басқа планеталарға әсер еткен. Мәселен, бұл туралы америкалық ғалым  Дэвид Мид «Planet X The 2017 Arrival» кітабында жазған.

Ғылыми қауымдастықтар Нибиру планетасы жоқ деп есептейді. Бұған дейін ғарыш агенттігі NASA да осындай мәлімдеме жасаған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар