Солтүстік Кореяда Пунгери ядролық полигонында тоннельдің қирауы салдарынан 200 адам қаза тапты. Бұл туралы KBS World Radio хабарлаған.
Мәліметтер бойынша, салынып жатқан тоннельдің құрылысы қирап, жер астында 100 жұмысшы қалып қалған. Содан кейін, тау жыныстарының опырылуы кезінде 100 құтқарушы қиындылар астында қалған.
Тау жыныстарының опырылуы ядролық сынақ салдарынан болуы мүмкін. Сол күні КХДР-де 5,6 магнитудалы жер сілкінісі тіркелген болатын.
Пікір қалдыру