«Saebiz» мейрамханасы: Латын графикасы арқылы пайда табуды көздедік

/uploads/thumbnail/20171031192116376_small.jpg

Алматыда 19-шы қазанда «Saebiz» атты мейрамхана ашылды. Бүгінгі таңда елдегі ең өзекті тақырыптардың бірі – латын қарпіне көшу.  Мейрамхана атауы Үкімет отырысында ұсынылған  латын әліпбиі нұсқасы негізінде жазылған. Латын қарпінде белгілі бір мекемеге атау берілгенін ескере отырып,  аталған  мейрамхананы Qamshy.kz ақпарат агенттігінің журналисі көріп қайтты.

сәбіз

Аталған мейрамхананың директоры Елена Гриминенко журналистің сұрақтарына жауап берді.

Елена Викторовна, ең алдымен мейрамхананың ашылуымен құттықтаймын! Неге «Saebiz» деп қойдыңыздар?

Бүгінгі таңда латын қарпіне көшу елдегі өзекті тақырыптардың бірі. Мемлекет басшысы жиналыстардың бірінде сәбіз сөзінің латын қарпінде қалай жазылатынын талдап көрсеткен болатын. Сол күннен бастап сәбіз сөзі ел арасында үлкен талқылауға түсті. Бір жағынан халықтың латын графикасына көшуіне бастама болсын дедік, ал екінші жағынан талқылауға түскен атау арқылы мейрамханаға келушілердің қарасын көбейтуді ойладық.

Бірінші орында латын қарпіне көшу тұрды ма, әлде бизнесті дөңгелетіп әкету ме?

Шын жауап берейін бе? (күліп). Шындығына келсек, бірінші орында бизнес тұрды. Мейрамхананың ашылуына 2 апта қалғанда «Saebiz» сөзі талқыға салынып жатты. Сол сәтте мейрамхана атауын «Saebiz» деп қоямыз деген ойға келдік. Ал бастапқыда қалай атағымыз келгені қазір маңызды болмай қалды. 

сәбізАл қазақ тілін білмейтіндерге «Saebiz» сөзінің оқылуы еш қиындық тудырып жатқан жоқ па? 

Мейрамхананың атауы еш қиындық тудырып жатқан жоқ. Сәбіздің суреті де жазудың жанында тұр. "Сәбіз деген не?сұрайтын орыс тілділерге түсіндіріп отырамыз. Ал мейрамханаға келушілер атауының өзін қайта-қайта оқып, ықыластарын танытып  отырады. Бізге де керегі сол.сәбізЖақында Мемлекет басшысы латын қарпіне байланысты Жарлыққа қол қойды. Таңдалған латын графикасына сай мейрамхана атауын өзгерту ойыңызда бар ма? 

Ия, ол жаңалықпен таныспын. Алайда әзірге мейрамхана атауын өзгерту ойымызда жоқ. Егер басқа да мейрамханалар, демалыс орындары латын қарпіне көшіп жатса, біз де қалыспаймыз деген ойдамын. Оны уақыттың еншісіне қалдырдық. Келушілерге мейрамхана атауы ұнайды және біздің басқа да мейрамханалар өз атауымен ерекшеленеді. Мәселен, "Ларисс Иванну хачу". Енді ол  «Saebiz» атауымен толықты. 

сәбізМейрамхана ішінде қазақы нақыштағы ою ерекше көзге түседі. Идея авторы кім?

Мейрамхана ішін безендіру, атауын қою секілді шешімдерді қабылдаған мейрамхана иесі Эдгар Оганесович. Ұлттық нақышты қиялмен ұштастыра отырып ерекше үлгіні жасап шықтық. сәбіз Алдағы уақытқа қандай жоспарларыңыз бар?

Ұлттық тағамдар мен вегетариандарға арналған тағамдарды мәзірге қосуды ойластырып жатырмыз. Ал сенбі және жексенбі күндері мейрамханаға отбасымен келушілердің қатары көбейіп келеді. Осыны ескере келе балаларға арналған мәзір де дайындамақпыз. 

Сұхбатыңызға рақмет! Ісіңізге сәттілік тілеймін! 

сәбіз

сәбіз

Сұхбаттасқан: Айгерім ТАУБАЙ

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар