СІМ: Нью-Йорктегі терактіде зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

/uploads/thumbnail/20171024161905983_small.jpg

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов өзінің Facebook парақшасында АҚШ-тағы терактіде қазақстандықтар зардап шекпегенін жазды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Бар мəліметтер бойынша, Нью-Йорк қаласында жүк көлігі бір топ жаяу жүргіншілерді басып кетуінің нəтижесінде қаза тапқандардың және зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Қазақстандық дипломаттар осы ахуалды бақылауды жалғастыруда» деп жазды Әнуар Жайнақов.

Естеріңізге сала кетейік, Нью-Йоркте Өзбекстан азаматы жаяу жүргіншілерді қасақана көлікпен қағып, мектеп автобусын соққан. Соның нәтижесінде 8 адам көз жұмды. 11 адам жарақаттанды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар