Ең ірі мұнай экспорттаушы мемлекет Сауд Арабиясы желтоқсан айында Азия елдері үшін мұнай бағасын 2013-2014 жылдардағыдай етіп, жоғарылатады. Reuters-тің зерттеуіне сүйенсек, бұл мұнай экспорттаушы мемлекеттер ұйымының өнімді шығаруды қысқарту және тауарға арналған сұранысты қайта қалпына келтіруі үшін жасаған әрекеті,- деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Thomson Reuters -ке сүйене отырып жазады.
Өндіруші Оман және Дубаи желтоқсанда мұнайдың ресми сатылым бағасын 1 баррель үшін кем дегенде 90 центке дейін көтеруді жоспарлап отыр. Reuters-ке сүйенсек, бұл 2014 жылдың қыркүйегіндегі 1,65 АҚШ доллары болғаннан бергі ең жоғарғы баға болар еді.
Өңделмеген мұнай бағасының артуы Таяу Шығыс нарығының қайтадан нығаюына жағдай жасайды.
Thomson Reuters Eikon деректері бойынша, Сингапурдағы өңделмеген мұнай бағасының көрсеткіші қазан айында-ақ 7 долларға өскен.
Пікір қалдыру