Әр елде адам ағзасын саудалайтындардың жантүршігерлік әрекеті әшкереленді

/uploads/thumbnail/20171101123600308_small.jpg

2016 жылы Reuters агенттігінің журналисі Брайан Гроу АҚШ-та адам ағзаларын сатып алу қаншалықты мүмкін екенін анықтады. Ол биологиялық материалдарды сатумен айналысатын Restore Life ұйымының электронды поштасына мойын омыртқаның зерттеу жобасы үшін қажет екенін, сол үшін оның бағасын білгісі келетінін жазып жіберді.

Бір сағаттан кейін Restore Life президенті Джеймс Бирданың атынан хат келді. Ол Брайанның ұйым туралы қайдан білгенін сұраған екен. Журналист жұмыс істеп жүрген саласындағы таныстарынан білгенін жазған.  Осындай жауаптан кейін Джеймс Бирдан ешқандай құжат сұрамай-ақ мойын омыртқасының бағасын жазып жібереді. Белгілі болғандай, адамның мойын омыртқасы $300 тұрады, ал оны жеткізіп бергенін қаласаңыз қосымша $150 төлеуіңіз қажет.   

Бір ай өткеннен кейін FedEx шабарманы қорапшаға салынған адам ағзасын әкеледі. Мойын омыртқасы 24 жастағы еркекке тиесілі екен.

Қабір тонаушылар

Екі ғасыр бұрын еуропалық медиктер жаңа көмілген мәйіттерді қабірден қазып зерттеу жүргізген. Мұндай жағдай жиі қайталанғандықтан қабірлерді темір тормен қоршайтын болған.

1832 жылы Британия билігі мәселені шешу мақсатында мәйітхана мен ауруханадағы іздеушісі жоқ қайтыс болғандарға зерттеу жүргізуге рұқсат берді. Осыдан кейін қабірдегі мәйітті қазып алу тоқтаған.

Өлген қалыңдық

2016 жылы Қытайдың жол полициясы қайтыс болған әйелдің мәйітін алып келе жатқан көлікті тоқтатты. Онда үш еркек отырған. Ер адамдардың бірі әйелдің өз махаббатын кезіктіре алмай жүргенін және ол оған көмектесуге уәде бергенін айтады. Ер адам әйелге у берген. Одан кейін мәйітті көлікке салып Шаньси елді мекеніне апара жатқан. Онда әйелді расымен де күйеу жігіт күтіп отырған. Оның туыстары өлген қалыңдық үшін 35 мың юань беруге уәде берген.

Қытайда әдетте еркектерді әйелінің жанына көмеді. Себебі қытайлардың көбі қабірде адамды жалғыздықтан осылайша сақтап қалуға болады деп ойлайды. Егер оның әйелі болмаса қайтыс болған адамның туыстары өлгеннен кейін де той жасай береді. Бұл өте ежелден келе жатқан ғұрып. Ол туралы Қытайдың атақты романында да  жазылған. Романда әскери қолбасшы Цао Цао қайтыс болған баласын 13 жастағы қайтыс болған қызға үйлендіреді.

1949 жылы Қытай билігі мұндай тойларға тыйым салды. Себебі аталмыш ғұрыпты өткізу үшін адамдар қабірден жас әйелдердің денесін ұрлап сататын болған.

Мемлекеттік «Синьхуа» агенттігінің мәліметіне сәйкес, 2013 жылы Шаньси моласынан 27-ге жуық адамның денесін ұрлап әкеткен. 2015 жылы тек бір ауылдың өзінен 14 мәйітті қазып алып кеткені анықталған.

Сүйек ұрлайтындар

2009 жылы Чхапра қаласында автобус жолаушылары орындықтың астындағы сөмкеден адам қаңқасына ұқсас сүйектің шығып тұрғанын байқаған. Адамдар сөмке иесін полиция бөлімшесіне апарды. Сөмкеден  67 адам қаңқасы шыққан. Ер адам оларды Баллия қаласында $14 сатып алғанын айтқан. Тексеру нәтижесінде ер адамның 10 жыл бойы қаңқаларды сатумен айналысып жүргені анықталды. Ер адам сүйектерді  Қытайға жіберіп отырған. Онда қаңқадан адамның ойлау қабілетін арттыратын дәрілер жасап Еуропа мен Америкаға сатқан.

Қаңқа саудасымен айналысатындар мәйітті өртейтін орындарда туыстарының кетуін күтіп отырады екен. Кеткен бойда бірден денені алып кетеді. Сонымен қатар, жерлеу рәсіміне ақшасы жоқтар мәйітті суға ағызып жіберіп отырады.  Сол денелерді алып, торға орап өзенге екі аптаға қояды. Ол уақытта балықтар етін жейді. Қалдықтарды суға қайнатып, күнге бір апта кептіреді. Сүйек ағарғаннан кейін оны тұз қышқылына салып алады.

Үндістанда 2017 жылдың наурыз айында полицейлер 365 адамның сүйегін тасымалдағандарды ұстады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар