Алматы қалалық Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының басшысы Ермек Үсенбаев Шымкент қаласының әкімі болды деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап жазады.
Ермек Үсенбаев 1960 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. 1983 жылы ауылшаруашылығы институтын агроном мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары түрлі қызмет атқарған. Мәселен 1996-2004 жылдардың аралығында Жамбыл облысы Жуалы ауданының әкімі, 2004 жылдың мамыр айынан 2008 жылдың қазан айына дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болған.
Ал 2008-2009 жылдар аралығында әкімнің бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Ермек Үсенбаев біраз уақыт «АлматыСу» холдингінің бас директоры да болған.
2015 жылдың мамырында Алматы Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды. Ал Шымкент әкімі болғанға дейін басқарманың басшысы қызметінде болды.
Еске сала кетейік, осыған дейін Шымкент қаласын басқарған Ғабидолла Әбдірахымов кеше қызметінен кеткен.
Пікір қалдыру