Қазақстан мен Ресей Қырғызстаннан тауар сатып алатын басты мемлекеттер болып қалмақ. Бұл туралы 31 қазанда өткен дөңгелек үстелде Қырғызстан Экономика министрлігінің Инвестицияларды және экспортты ынталандыру жөніндегі мемлекеттік агенттіктің директоры Әділбек уулу Шұмқарбек мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар Шұмқарбек осы күнге дейін туындаған мәселелерді шешу ЕЭҚ шеңберінде талқылануы тиіс екенін айтты. «Бәрін диалог жолымен шешу керек. Бүгінгі таңда өнімді сату барысы үлкен маңызға ие. Қазақстан мен Ресей Қырғызстаннан тауар экспорттайтын ең басты мемлекеттер болып қала береді», - деді Әділбек уулу Шұмқарбек.
Айта кетейік, 10 қазанда Қазақстан Қырғызстанмен шекарадағы бақылауды күшейткен. Салдарынан бақылау-өткізу пунктерінде үлкен кептеліс орын алған. 18 қазанда мемлекет басшыларының Астанада өткізген келіссөздері барысында туындаған қиындықтар шешіле бастағандай еді. Алайда жүк көліктерінің жүргізушілері әлі күнге дейін шекараны өтуде қиындықтарға ұшырап жатыр.
Edaily.com порталының мәліметінше, екі мемлекеттің арасы әлі де шиеленісіп тұр. Астана да, Бішкек те аталмыш қиындықтарға бірін-бірі кінәлаумен келеді.
Пікір қалдыру