ЭКСПО-2017 аумағындағы «Нұр Әлем» Болашақ музейі туристік аймағының ашылу қарсаңында музейге Иордания Королі Абдалла ІІ бен әл-Хусеин барды. ЭКСПО көрмесі жабылғаннан кейін мұнда алғаш рет шет мемлекеттің басшысы келіп отыр. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Иордания Короліне Болашақ музейінің экспонаттарын таныстырып, ондағы нысандардың Көрме өткеннен кейінгі пайдаланылуы жайын әңгімеледі.
Иордания Королі Абдалла ІІ бен әл-Хусеин ЭКСПО-2017 көрмесіне Иорданияның қатысуы Қазақстан Республикасымен екіжақты қарым-қатынастардың нығаюына қызмет еткенін айтты.
Айта кетейік, Қазақстанға ресми сапармен келген Иордания Королі Абдалла ІІ бен әл-Хусеин музейге бармас бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен болатын.
Пікір қалдыру