Монахтардың құрбанына айналған мұсылмандарға қатысты жаңа дерек

/uploads/thumbnail/20171021121805316_small.jpg

Бангладештің Ішкі істер министрі Асадуззаман Хан Кемал әлемдік қауымдастықтарды мұсылман босқындардың өз үйлеріне оралуы үшін Мьянма билігіне қысым жасауды жалғастыруға шақырды, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

«Халықаралық қысым болмаса Бирма билігі рохинджалық мұсылманның өз тарихи отандарына оралуына еш әрекет жасамай отыр», — деді Кемал. Алайда министр Бангладеш үкіметі  босқындардың өз үйлеріне оралуы үшін бар мүмкіндікті жасап отырғанын мәлімдеді. Дакка университеті Халықаралық қатынастар факультетінің профессоры Имтиях Ахмед әлемдік қауымдастық ықпалынсыз Мьянма билігі босқындардың оралуына кедергі жасауын жалғастыратынын атап кетті.

Оның айтуына қарағанда, Бангладеш үкіметі Мьянмаға ықпал жасау үшін Қытай, Үндістан мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері Ассоциациясы мемлекеттеріне делегация жіберуі тиіс. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар