"Әль-Каида" негізін қалаушысы Усама бен Ладеннің жеке күнделігі табылды

/uploads/thumbnail/20171102104752701_small.jpg

АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы  (ЦРУ) Усама бен Ладенге қатысты 470 мың құжат жариялаған. Оның ішінде Бен Ладеннің жеке күнделігі де бар. Бұл туралы АҚШ ведомствосы Твиттерде хабарлаған.

Құжаттар 2011 жылы мамырда алынған екен. Жеке күнделігінде террористің қаза болар алдында жазған жазбалары табылған.

Сонымен бірге, ЦРУ әртүрлі мәтіндік файлдар мен аудио, видео құжаттар жариялаған. Онда Бен Ладеннің ұлы Ладен Хамзаның суреттері мен №1-террористің жиһатқа үгіттеу мәлімдемелері табылған.

Усама бен Ладен 2011 жылдың 2 мамырында  американдық тыңшының анайы операциясы барысында ұсталған.  Бірнеше жыл бойы Пәкістандағы  Абботабад қаласында жасырынып келген ол осы қалада ұсталып, денесі теңізге тасталған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар