Путин Сирия бойынша Иранмен ынтымақтастыққа келуді құптады

/uploads/thumbnail/20171102105332441_small.jpg

Ресей президенті Владимир Путин Тегерандағы ресми сапары барысында 2015 жылы Иранмен жасаған ядролық келісімді қолдайтынын айтып, Сирия қақтығысы мәселесінде Иранмен ынтымақтастыққа оң көзбен қарайтынын мәлімдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Путин Иран астанасына 1 қарашада Ресей, Әзірбайжан және Иран елдері арасындағы сауда, транспорт және энергетика салаларындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша келіссөздер жүргізуге келген.

Алайда Путиннің Иран президенті Хассан Роуханимен және рухани көсем аятолла Әли Хаменеимен арасындағы келіссөзінде Иран мен әлемдік державалар арасында жасалған ядролық келісім және Сириядағы азаматтық соғыс мәселесі де қозғалды.

Ресей – Тегерандағы ядролық бағдарламаны тоқтату мақсатында тарихи ядролық келісімге қол қойғандардың бірі. АҚШ президенті Дональд Трамп өткен айда Иранмен жасалған келісімдегі “салмақты кемшіліктер” түзелмесе, оны қабылдаудан бас тартатынын мәлімдеген. Еуропа Одағы мен келісімге қатысқан басқа да елдер - Ресей, Ұлыбритания, Қытай, Франция мен Германия Трампты АҚШ-ты келісімнен шығармауға шақырған.

. Сирия туралы айтқан Путин Иранмен осы сала бойынша ынтымақтастықты "өте нәтижелі" деп бағалаған. Путиннің сөзінше, Мәскеу мен Тегеран "Сирия мәселесінде өз ұстанымдарын үйлестіре алды".

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар