Экономика мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің кезекті отырысы өтті

/uploads/thumbnail/20171010124936828_small.jpg

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Экономика мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат аенттігі Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Отырыс барысында Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы, жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына сай, экомикалық қуаттылықты арттыру, монополияға қарсы реттеу жүйесін дамыту мәселелері талқыланды.

Талқылауға «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қ. Келімбетов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов, Қазақстан Салық төлеушілер қауымдастығының басқарушы кеңесінің төрайымы Ж. Ертілесова, «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ бас директорының кеңесшісі Ж. Күлекеев, «Ракурс» экономикалық талдау орталығы» қоғамдық қорының директоры О. Жандосов, «Oil Gas Project» ЖШС директоры Ж. Ахметов, «Қазақстан халық банкі» АҚ басқарма төрайымы Ү. Шаяхметова, «Қоғамдық мәселелерге талдау жасау орталығы» қоғамдық қорының директоры М. Махмұтова, «Астана» халықаралық ғылыми кешені» орталығының басшысы А. Боранбаев және т. б. қатысты.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар