Қытайдың қазақ полицейіне қол жұмсаған оқиғасы Алматы облысында болған

/uploads/thumbnail/20171102133528825_small.png

Әлеуметтік желіде Қытай азаматтарының бір қазақ полицейіне жабылып, дөрекі сөздермен балағаттаған видеосы жарияланды. Оқиғаның Алматы облысы Панфилов ауданы Қорғас ауылында болғаны анықталды, деп хабаррлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысы Панфилов аудандық ішкі істер бөлімі болған оқиғаны растады. ІІБ өкілінің мәлімдеуінше, оқиға 31 қазанда орын алған. Бүгінде Қытай азаматы ұсталды және полицей қызметкерлері Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабына сәйкес «Заңды тәртіпке немесе құқық қорғау органдарына немесе арнаулы мемлекеттік органға бағынбау» хаттама толтырды. Әрі аталмыш оқиғаға байланысты ресми құжаттардың да бар екенін айтты. 

Айта кетейік, видео 1 сағаттың ішінде 5 мыңға жуық көрілім жинап, 100-ге жуық пікір жазылды.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар