АҚШ президенті Дональд Трамптың аккаунты өшіп қалып, 11 минут бойы қосылмай тұрған. Осыған байланысты тергеу жұмыстары басталды.
« @realdonaldtrump аккаунтының есептік жазбасының өшіп қалуына Твиттер қызметкерінің қателігі себеп болды. Аккаунт 11 минут бойы өшіп тұрды, қазір қалпына келді. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр, әрі мұндай жағдай қайталанбас үшін алдын-ала шаралар қолданатын боламыз», - деп мәлімделді Твиттерде.
АҚШ басшысының Твиттерде микроблогтар жазуға деген құмарлығы көпшілікке таныс. Бұл әрекетін Трамптың өзі «жалған ақпарат құралдарына қарсы тұру» деп түсіндіреді.
Пікір қалдыру