Ғалымдар мысырлық Хеопс пирамидасының орталығында жасырын бөлме тапты. Мұндай жаңалық ғарыштық сәулелер арқылы ескерткішті зерттеу кезінде ашылды деп жазады Nature журналы.
30 метрге созылатын үлкен бөлме галерея астында орналасқан. Әзірге бұл бөлменің қандай рөл атқарғаны белгісіз. Ғалымдардың болжауынша, бұл фараонның мазары орналасқан бөлме болуы мүмкін немесе сол мазарға апаратын орын да болуы ықтимал.
ScanPyramids жобасы аясында пирамиданы сканерлеу процесі 2015 жылы жүзеге асқан.
Аталған жоба бойынша тағы Дахшур қаласындағы бірнеше пирамида мен Гизедегі Хефрен пирамидалары зерттелді. Зерттеу 3D құру арқылы, инфрақызыл термография технологиясы арқылы жүргізілген.
Пікір қалдыру