Қазақ полицеймен ерегескен қытай қазақстандық қыздарды жезөкшелікке тартқан

/uploads/thumbnail/20171103092737647_small.png

Алматы облысының полициясы тәртіп сақшыларының Қытай азаматымен ерегесіп жатқан видеосына байланысты түсініктеме берді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  

Анықталғандай, оқиға 31 қазан күні Панфилов ауданының Қорғас ауылында болған. Видеода Қытай азаматының қазақ полицейін басынып, дөрекі сөздермен балағаттап жатқанын байқаймыз.

Бүгінде Қытай азаматы ұсталып, полицей қызметкерлері Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабына сәйкес «Заңды тәртіпке немесе құқық қорғау органдарына немесе арнаулы мемлекеттік органға бағынбауына» байланысты  хаттама толтырған.

Іс аудандық әкімшілік соттың қарауына жолданды. 

Сол күні Қорғас елді мекенінде жеңгетайлық жасады деген күдікпен тағы бір Қытай азаматы ұсталды. 

Полицияның мәліметінше, 41 жастағы шетелдік Солтүстік Қазақстаннан келген екі қызды жезөкшелікке тартқан. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар