Владимир Лениннің туған жері Ульяновскіде оның денесін америкалықтарға сатып жіберу ұсынылды. Осындай ұсынысты Ульяновск мемлекеттік университетінің доценті, дінтанушы ғалым Сергей Петров жасаған. Бұл туралы ресейлік ақпарат агенттігі Ура.ru жазады.
Ол бұл ұсынысты Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың Ленин денесін мазардан шығарып Қызыл алаңда жерлеу керек деген ұсынысынан кейін жасаған.
«Ленинді жай ғана жерлей салу - ақымақтық. Мысалы, мысырлық фараондар өте көп, ал Ленин болса – жалғыз»,- дейді С. Петров.
Оның есептеулеріне қарағанда әлемдік пролетариат мумиясының бағасы қымбат.
Мемлекет Ленин денесін сатылымға қоюына болады. Америкалық мұражайлардың кез келгені оның денесін еш ойланбастан сатып алып кететініне көзім жетеді дейді ол.
Пікір қалдыру