Қытай елшісі қысым көрген қазақтар туралы: Бұл біздің ішкі мәселеміз

/uploads/thumbnail/20171103101235415_small.jpg

Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан ХАНЬХУЭЙ қысым көріп отырған қазақтардың Синьцзяндағы жағдайына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Caravan.kz-ке сілтеме жасап.

«Егер мәселе Қытайдың құжаты бар азаматтары туралы болса, бұл Қытайдың ішкі мәселесі» деді Чжан ХАНЬХУЭЙ.

Айта кетейік, Астанада «Заманауи Қытай: сұрақтар мен жауаптар» атты съез өтті. Онда этникалық қазақтардың жағдайы туралы сұрақ қойылды.  

«Қытай өзінің сыртқы саясатын жүргізгенде гегемонизм жолымен жүрмейді және басқа елдің ішкі жағдайына араласпайды. Біздің мақсатымыз бір. Ол – адам заттың ортақ тағдыры қоғамдастығын құру» деді Қытайдың ресми өкілі.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар