Нью-Йорктегі теракт үшін жауапкершілікті ДАИШ өзіне алды

/uploads/thumbnail/20171103122434770_small.jpg

Нью-Йорктегі теракт үшін жауапкершілікті ДАИШ террористік ұйымы өзіне алды,- деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі  ҚазТАГ-қа сілтеме жасап. 


«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы Нью-Йорктегі теракт үшін жауапкерішлікті өз мойнына алды. Аталмыш лаңкес салдарынан 8 адам қайтыс болған болатын.  ИМ мүшелері «шабуылдауышының халифат содырларының бірі» екенін мәлімдеген», - делінген жұмада таратылған хабарда.  


Еске салсақ, 31 қазанда Өзбекстан азаматы Сайфулло Саипов Төменгі Манхэттеннің веложолында жүк көлігімен адамдарды басып өтіп, мектеп автобусына соққан. 6 адам оқиға орнында қаза тапса, тағы екеуі жарақаттарынан ауруханада көз жұмды. Тағы 12 адам зардап шеккен, бірақ олардың өмірлеріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.   


С. Саипов көлігінде хат тастап кеткен, ол хатта ИМ лаңкестік тобының атынан осындайға барғанын жазған. Америкалық БАҚ ақпарынша ол бұл терактіге бір жылдай дайындалған.  

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар