АҚШ пен КХДР қақтығысы: Трамп мәселенің оң шешілетініне сенімді

/uploads/thumbnail/20170811132447616_small.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп КХДР-мен арадағы мәселелерді шешуге болатынына сенімді, ал олай болмаған жағдайда нәтижесі бәріміз үшін «жағымсыз» болмақ екенін ескертті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Менің ойымша, біз КХДР-мен арадағы жағдайды ретке келтіре аламыз. Ал ретке келмеген жағдайда, олар үшін де, біз үшін де қайғылы жағдай орнауы мүмкін», - деді президент Fox News арнасына берген сұхбатында.

Трамптың сөздеріне қарағанда, Қытай АҚШ-қа осы мәселе тұрғысынан көмек көрсетеді. Ал тележүргізушінің «Жапония бұл жағдайға қалай қарайды?» деген сұрағына Трамп олардың қатты алаңдаулы екенін жеткізді. Себебі Жапония Солтүстік Кореяға жақын орналасқан мемлекет.

Айта кетейік, жаз айында КХДР АҚШ-қа қарай баллистикалық зымыран ұшырған күннен бері екі елдің арасы шиеленісіп кеткен. Осы жағдайға байланысты бүгінде үшінші дүниежүзілік соғыстың басталу қаупі өршіп тұр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар