Ерлан Қарин өз делегациясымен Қытайда өткен хабар тарату съезіне қатысты

/uploads/thumbnail/20171103131555456_small.jpg

«Қазақстан»  РТРК АҚ-ның делегациясы Басқарма төрағасы Ерлан Қариннің басқаруымен  Сычуань провинциясының Ченгду қаласында (ҚХР) өтіп жатқан Азия-Тынық мұхиттық  хабар тарату (Asia-Pasific Broadcasting Union) Бас Ассамблеясының 54 отырысына қатысуда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Шараға Азияның ССTV, NHK, CBS және т.б. ірі телеарналарының басшылары  да келген.    Бас Ассамблеяның отырысында ағымдағы жылдың қорытындылары мен  келешектегі жұмыс кезеңдері қарастырылды. Сессия аясында спорттық медиа, бағдарламалық шешімдер, жаңа медиаресурстар және өзге де жұмыс комитеттерінің жекелеген бағыттарына арналған жиыны өтеді.

Бас Ассамблеяның отырысы қарсаңында 2 қараша күні «Қазақстан»  телерадиокорпорациясының осы ұйымға мүшелікке өткендігі жайында Әкімшілік кеңесінің жиынында хабарланған болатын.

ABU отырысының аясында «Қазақстан»  телерадиокорпорациясының делегациясы шетелдік телеарналардағы әріптестерімен және серіктестерімен кездесті. 

Атап айтқанда, «Қазақстан»  телерадиокорпорациясы маусым айында  өзара ынтымақтастық жайлы меморандумға қол қойған ССTV арнасының басшылығымен кездесіп, бірлескен жобалардың жұмыс барысын талқыға салды.

Сондай-ақ, Өзбекстанның Ұлттық телерадиокомпаниясы  (НТРК)  мен «Казақстан» телерадиокорпорациясы арасында екіжақты ынтымақтастық орнату жөнінде  келіссөздер өтті.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың қыркүйек айында  «Қазақстан»  телерадиокорпорациясы Азия -  Тынық мұхиты аймағы елдерінің хабар тарату одағына кірген болатын. Asia-Pasific Broadcasting Union (ABU)  қауымдастығы 1964 жылы құрылған. АBU одағының құрамында  69 мемлекеттен 272 телерадиокомпания бар.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар