АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Алдағы кездесуде талқыланатын мәселелердің бірі –Украинадағы жағдай. Екі елдің президенттері 6-11 қараша аралығында Вьетнамның Даньанг қаласында өтетін Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммитінде кездесулері мүмкін.
«Біз Путинмен кездесу өткіздік. Және тағы кездесуіміз мүмкін. Путин біз үшін өте маңызды. Өйткені, олар бізге Солтүстік Корея және Сириямен арадағы қарым-қатынастың шешілуіне көмектеседі. Әрі Украина туралы да сөйлесуіміз керек», - деді Дональд Трамп.
Алдағы уақытқа Трамптың он күндік сапары жоспарланған. Ол Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Вьетнам және Филиппин елдеріне іс-сапармен барады.
Пікір қалдыру