Осыдан біраз уақыт бұрын Нью-Йорк қаласында теракт жасаған 29 жастағы өзбек Сайфулло Саипов жантүршігерлік мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.
Сайфулло Саипов қамауда болған кезде өзіне берілген құқықтан бас тартқан. Заң бойынша қылмыскер қорғаушы болмаған кезде үндемеуге құқығы бар. Оның болған іске қатысты айтқандары сотта өзіне қарсы қолданылады.
Террористің айтуынша, ол терактіні осыдан 2 ай бұрын жасау керек болған. Сонымен бірге ол ДАИШ туралы видеоларды көріп, үнемі жігерленіп отырған. Оның телефонынан 90 терроризмге шақыратын видео мен 3800-ге жуық суреттер табылды. Ол өзінің ісіне ешқашан өкінбейтінін мәлімдеген.
Пікір қалдыру