Астанада із-түссіз жоғалып кеткен Арыстан Меңдібаев табылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы жоғалған ер адамның қызы Дана Круглова Фейсбуктегі парақшасында жариялады.
Елордалық полицейлер іздестіру шараларын жүргізу кезінде Арыстан Меңдібаевтің қайда екенін тапқан. Оны іздестіруге Астана қаласының ІІД жеке құрамы қосылды. Қазіргі уақытта ер адам үйіне жеткізілді, жағдайы жақсы.
Пікір қалдыру