Өмірбек Бабановтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

/uploads/thumbnail/20171014134143676_small.jpg

Бас Прокуратура Кеңесінің депутаты Өмірбек Бабановтың үстінен қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қырғызстан сайтына сілтеме жасай отырып. Бабановқа қарсы қылмыстық істі Қырғызстан бас прокуратурасы қозғаған.

Қырғызстан бас прокуратурасы тергеуге дейінгі тексеру кезінде Жоғарғы Кеңестің депутаты Ө.Бабановтың 2017 жылы 28 қыркүйек күні сайлауалды науқаны барысында Ош қаласы Әмір Темір ауданының негізінен ұлты өзбек тұрғындарымен кездескені белгілі болды. Бабанов олардың дауыстарын алу мақсатында, кездесу кезінде этникалық өзбектердің құқығы шектелетіні, елде ұлттар теңдігі жоқ екені, мемлекеттік органдар тарапынан өзбектерге қысым жасалатыны туралы пікірлер айтып, мұндай жағдайға белсенді түрде қарсылық көрсетуге шақырған анықталды.

Қырғыз бас прокуратурасы қылмыстық істің Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жолданғанын жазады.

Өмірбек Бабановтың өзі бұған дейін әлгі кездесуде айтқан сөздері бұрмаланғанын, электрондық БАҚ беттерінде тараған видеолардың «монтаждалғанын» айтқан. 

Айта кететін болсақ, Қырғызстан орталық сайлау комиссиясына Бабановқа қарсы 19 арыз түсіп, комиссия оған сайлауға 4 күн қалғанда үшінші рет ескерту берген болатын.

Бабановтың сайлау штабы әлеуметтік желілерде тараған видео «жалған» және «монтаждалған» деп мәлімдеген. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар