Талас жұрты Атамбаевқа бір апта уақыт берді (видео)

/uploads/thumbnail/20171105195026113_small.png

Талас жұрты Атамбаевқа Нұрсұлтан Назарбаев пен қазақ халқынан бір аптаның ішінде кешірім сұрасын деп талап қойды, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Айта кететін болсақ, кеше қырғыз халқы Атамбаевтың кешірім сұрауын талап етіп митингіге шыққан болатын. Ресми ақпаратқа сүйенсек, митингке 100-ге жуық адам шыққан. 

Талас жұртының ақсақалы Атамбаевтың қазақ халқына айтқаны оның президенттігіне сын екенін айтты. Сонымен бірге Атамбаев тек Қазақстан президенті туралы ғана емес, өзге де саясаткерлер туралы орынсыз пікір білдіргенін де айтып өтті. 

Айта кететін болсақ, Атамбаев Талас жұрты туралы да балағат сөз айтқан. Ол жергілікті тұрғындарды малға теңеп, жақын арада қазақ халқына қосылатынын айтқан. 

«Біз таза қырғыздың ұрпағымыз. Алмас Сәрсеновты біз алғашында жақсы саясаткер деп, президенттікке сайлаған едік. Ал ол не істеді? Кезінде Роза Отунбаеваға да балағат сөз айтты. Бұл сөзді президент  түгілі көшедегі маскүнемдер де айтпайды. Артық айтсам кешіріңіздер. Бір елді билеп отырған президенттің аузынан мұндай сөз шықпау керек еді», — деп пікір білдірді Асенбек ақсақал. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар