Мақсұтқан Баркөл-Дәлейұлы. Ірге тас(поэма)

/uploads/thumbnail/20170708161145288_small.jpg

"Қазақ елі - 550  жыл" шығармашылық бәйгесіне! 

Ірге тас (Поэма) Мақсұтқан Баркөл-Дәлейұлы   Шешендігі шежіреден дарыған, Ел егілсе еңіреген, арыған. Қозғап отыр, боздап отыр қарт жырау, Тегіміздің тентек жырын арыдан...   Ұйып отыр немересі жырына, Иіп отыр шөбересі құныға. Құйма құлақ көрші- құлаң әулетін, Жиып отыр қарт көкірек сырына...   -...Қайдан шықтық, қайда келдік халайық?! Кешені айтып, ертеңді еске салайық! -деп бастаған, тек сақтаған атаның, Қоңыр әні- өмір мәні ғажайып...   Күңіренген, күйі шемен күн аз ба?! Көшіп өткен, өшіп кеткен із аз ба?! Күні үшін күнделенген құл аз ба?! Заманына заңғар болған ұлы аз ба?!   Биік аз ба?! Бой таласқан көкпенен, Ғасырларға мұқалмаған, шөкпеген. Көсем аз ба көкірегі көк аспан?! Тұйықтардан, қиын жардан жол ашқан.   Ашар болсам тарихтың парағын, Ай бөрікті Алатаудай дарамын. Жазып кеткен Керей менен Жәнібек, Хандығымның қазақия тарауын.   Кешегіден келе жатқан керуенбіз, Түбі дана, туы дара елденбіз. Тұқияным тұрғысына ту тіккен, «Алтын орда»  даурендеген төрденбіз.   Күндер өтер күйін шертіп мықтының, Бабаларша баянды ұлттың тік туын! Бұрнағымды бұрмалайтын бұзбалар, Күнің өшті қырын қарар, қызғанар...! Х....Х....Х.... Қартайса да қарашығы мұнарлап, Әспеттеген қыл қобызын тұмарлап. Ұлағатын үлестіріп ұрпаққа, Онан әрмен жылап кетті жырау қарт...!   -... Түбім айқын, түп қазығым түріктен, Бейуазға басылмаған шүріппем. Беймазаға тізгін бермес тұлпармын, Ауыздықпен тасты шайнап бүріккен.   Жайлап өстім тұран дала кең төсін, Бастырмағам жатқа намыс кеудесін. Қажаса да ыңыршағы кірменің, Сындыра алмас ақиқаттың өркешін.   Кемеңгерім- Керей менен Жәнібек, Даналықты даралықтан таны деп, Дағдарыста қазанымды дара асқан, Келешектің ошағына жағып от.   Қоңсылыққа, қолбаңдыққа қорлаған, Солай менің бағынбаған өр бабам. Көк түріктер көбеңдеген төрімде, Солай менің ірге тасым орнаған.   Айдай әлем ақиқатқа қосады үн, Ерте үзгем қоңсы көген қосарын. Белден басты бес ғасырдың безбенін, Даналықпен дара асқан ошағым.   Тайым туып, боталаған тайлағым, Төр Азия- менің төркін аймағым. Содан менің бұзылмауы қаймағым, Содан менің кең болғаны байтағым...   Х....Х....Х   Үні ғажап айбындады жыраудың, Қанар емес құнды жырға құмарым. Жырлап отыр, жылап отыр қария, Теңшеп қойып қобызының бұрауын...   -...Күн тұтылып күңіренген күндерде, Мекенімде мегежіндер үргенде. Ит жағадан, бит балақтан кіргенде, Аю апан қазып жатты іргемде...   Орға жығып отарлаудың ұраны, Тарихымның болмады еш сұрауы. Күлегейлеп саясидың тұманы, Көрге айланды көрер күннің жұмағы...   Болмаса егер ірге тасы әкемнің, Жәбірінде өтер едік «жат елдің» Ел іргесін екі жақтап қалаған, Жәнібек пен Керейдей, Айналайын бабадан!   Сол іргетас күйіндіріп қоңсымды, Сол іргетас сүйіндірген досымды. Сол іргетас көк туыма тұғыр боп, Қазақия көк жиекке қосылды...   Ғасырлардың қара дауыл, бораны, Мұқалта алмас шын биікті жоталы. Байланса да бағынбаған құлдыққа, Біздің қазақ Бейбарыстың Отаны.   Емес бүгін алдым тұйық, артым жар, Қазақ елмін, халқарада даңқым бар. Жабағысын жаутаңдатпас жат елге, Жылқы мінез кісінескен халқым бар...   Х....Х....Х   -... Мәңгілікке таңын сүйер әлемнің, Тауы биік іргетасы бар елдің- Сексеуіл жыр қоламтасын маздата, Селдеді әрмен сегіз қырлы сазды ата:- ...Еркін сөйлер егеменді азат ұл, Азат ұлдің азат тілі- ғажап тіл, Қомсынатын қоңсыларға кешегі, Енді мәңгі бола алмайды қазақ құл...!   Ірге тасым- елдігімнің белгісі! Егіз ханым*- ерлігімнің белгісі! Тұтастырған Еуразия ендігін, Байтақ жерім- кеңдігімнің белгісі!   Тегім менің- құрған ұлт ғұндары, Туған халық Едігедей ұлдары, Біздің қазақ, біздің қазақ болатын, Тұңғыш рет тұмсыққа ұрған жұңғарды...   Көсемдігі- көк жиектей көп сырлы, Шешендігі- орақ ауыз, от тілді. Егіз ханым Жәнібек пен Керейдің, Рухы деп біл, көгімдегі көк туды...!   Қарттың үні көтерілген қалықтап, Көк аспанда қыран жүрді шарықтап, Түс әлеті, аспан, қыран, нұрлы күн, айшықтайды көк туымды анықтап...   Жер жүзіне шашқан шүлен нұр- жылу, Төбеме кеп тоқтап тұрды күн- сұлу. Жырау жыры- күннен күшті сезілді, Ғажап рухы қанымызға егілді...!!!   Күнім кеткен жалтақтағыш жасқаншақ, Не қылайын асерімді астарлап. Көз жіберіп Атырау мен Алтайға, Кеттім мен де Алатаудай аспандап...!      

Қатысты Мақалалар