10 жастағы алматылық Данэлия Тулешова Украинадағы «Голос. Дети» байқауына қатысуда, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі kazpress-ке сілтеме жасап жазады.
Төртінші маусымның қазылар алқасы әйгілі Монатик, «Время и Стекло» тобы және Наталья Могилевскаялар болды. Алдын ала өткен сынақтардан үздік болған Данэлия, "Слепое прослушивание" кезеңіне шақырылып, Дэми Ловатоның Stone Cold әнін орындаған болатын.
Қазақстандық бүлдіршіннің дауысын бір-екі секунд қана естіген қазылар алқасы үстелдерін бірден Данэлияға қаратты. Қазылар алқасының мүшесі Наталья Могилевскаяның айтуынша бұл «Голос. Дети» байқауындағы ең үздік дауыс болды.
- «Бұл ең керемет және бірегей дауыс. Түсірілген бейнежазба 100 пайыз күллі әлемге таратылатын болады. Біз үшін сен қайсы топқа барсаң да қуаншытымыз»,-деді қазылар алқасы. Ал Монатик болса, Данэлия Тулешоваға:
-«Сенің арманың Монатикпен ән айту болса ғой, ондай жағдайда менің қатты жолым болып кетер еді»,- деді.
Аз ойланған, Данэлия Монатиктің тобында ән айтатын болып шешім қабылдады. Бұл Данэлия қатысқан алғашқы ірі жоба емес, 2015 жылы ол «Аялаған Астана» кезеңінен топ жарып, Қазақстан атынан әлемдік «Балалар жаңа толқынында» өнер көрсеткен еді. Ол кезде Данэлия көрермендер көзайымы болған.
Пікір қалдыру