Алматы облыстық ІІД 8 жастағы такси жүргізетін бала туралы видеоны тексеріп жатыр, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме беріп жазады. Аталған видео Инстаграмдағы kris_p_almaty паблигінде жарияланды.
Бейнекадрда Диас есімді бала Алматы маңындағы Ащыбұлақ пен Береке ауылының арасында адам тасымалдап жүргені көрсетілген.
«Мына бала 7 жастан бастап машина айдайды. Біз Ащыбұлақтан үйге қарай таксиге отырдық», - деді видео авторы.
Облыстық полиция кәмелеттік жасқа толмаған баланың көлік айдағанына қатысты түсініктеме берді. «Қазір бұл видео тексеріліп жатыр. Қайда, қашан түсірілген, видеодағы баланың жасы шынымен 8-де ме? Осы мәселенің бәрі анықталған соң ресми түсініктеме беріледі», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахметов.
Пікір қалдыру