О дүниеге өткенде адам не сезінеді? Ғылыми тұрғыдағы жауап:

/uploads/thumbnail/20171107105246572_small.jpg

Адам өлімнен кейін өзінің қайтыс болғанын сезеді және айналасында не болып жатқанын түсінеді екен, - деп хабарлайды Нью-Йорк университетінің жанындағы Langone медицина мектебінің (NYU Langone School of Medicine) ғалымдары. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат  агенттігі РИА Новостиге сүйене отырып жазады.

Дәрігерлердің анықтамасы бойынша, өлім миға қан бармай, оның жұмысы бірден тоқтаған сәтте болады. Осыдан кейін мидің жасушалары өле бастайды. Зерттеу жүргізуші Сем Паринаның сөзінше, бұл клиникалық өлімнен кейін бірнеше сағат өте болатын процесс екен. 

Оған қоса, жүрек тоқтағанымен адамның санасы бірден өшпейді. Адамдар «өлімнің алғашқы фазасында» тіршілік белгілерін көрсете алады. Жүрегі тоқтап қалып, клиникалық өлімді көрген адамдар өздерімен не болғанын толық айта алуы осыған дәлел. 

«Олар дәрігерлер мен медбикелердің қалай жұмыс істеп жатқанын сезіп, олардың сөздерін естіп жатады екен. Басқаша олар айналасында не болғанын еш жерден біле алмайтын еді», - деп атап өтті Парина.

Зерттеушінің айтуынша, бұл еске алуларды дәрігерлердің өздері растап, іс жүзінде өлді деген адамдардың айналасындағы жағдайдың бүге-шүгесіне дейін айтып бергеніне таңданады екен.   

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар