Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты Р. Г. Гайсинге қатысты сот үкімін шығарды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласы сотының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, күдікті ҚР ҚК 174-бабы 1-бөліміне сәйкес 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, әрі маскүнемдіктен емделуге нұсқау берілді.
Сот отырысында азамат өз қылмысын мойындады.
Соттың анықтауынша, Р.Г. Гайсин Астана қаласы Победа даңғылы бойындағы аялдамада ілініп тұрған плакатқа өз қолымен «Қазақтарды итше қыру керек» деп жазған. Азаматтың бұл жазбасы халықтың сынына ұшырады.
Үкім заң күшіне әлі енген жоқ.
Пікір қалдыру