Трамп Солтүстік Кореядан қорғану үшін Конгресстен қарызға ақша сұрады

/uploads/thumbnail/20170811132447616_small.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяның тарапынан төнген қауіпке байланысты Конгресстен қарызға қаражат сұрады. Бұл туралы Лента.ру жазады.

Оның Конгреске арналған жолдауы Ақ үй сайтында жарияланған.

4 миллиард АҚШ доллары Солтүстік Кореядан төнген қауіппен күресу үшін, қорғаныс тәсілдерін дамыту мақсатында қажет дейді президент. Тағы 700 миллион доллар АҚШ-тың әуе күштерінің жөндеу жұмыстары үшін қажет екенін айтты.

Айта кетейік, 6 қараша күні Трамп Солтүстік Корея қарым-қатынасына байланысты сабырлылық стратегиясының уақыты біткені туралы айтқан болатын.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар