«ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 7 қараша күні 22 сағат 41 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 478 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты - 10.2. Магнитудасы MPV 4.3. Тереңдігі 5 км.