Стивен Хокинг адамзаттың жойылатын уақытын атады

/uploads/thumbnail/20171108091800284_small.jpg

2600 жылы энергияны шамадан тыс тұтынудың салдарынан Жер беті отты шарға айналады, сол кезде адамзат түгелдей жойылады. Бұл туралы британдық физик Стивен Хокинг Бейжіңде өткен Tencent WE саммитінің қатысушыларына видео байланыс арқылы мәлімдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

–Халықтың тығыздығы жер бетіне айтарлықтай қауіп төндіріп тұр. Бүгіннен бастап адамдар белгісіз әлемге қарай бет ала берген жөн, жаңа планеталарды ашу керек, - деп келтірді ғалымның сөзін New York Post басылымы.

Сондай-ақ Хокинг саммитке қатысушыларды ғарыш кемесінің құрылуына арналған өзінің Starthour Breakthrough жобасын қолдауға шақырды. Ол кемемен Жерге жақын орналасқан Альфа Центавра жұлдызына ұшып баруға болады. Бұл жарықтың жылдамдығынан 1/5 жылдамдықпен қозғалатын күн парусы бар кішкене ғана барлау аппараты.

–Ол Марсқа кемінде 1 сағатта жетіп барады. Плутонға жету үшін бір күн кетуі мүмкін. Ал Альфа Центраваға ұшу 20 жылға жуық уақытты алады, - деді ғалым.

Онымен қоса, Күннің айналасындағы жұлдыздардың тіршілікке жарамды екенін айтты. Хокингтің ойынша, сол жұлдыздардың бірінде адамзат тағы миллионға жуық жыл өмір сүре алады.

Бұдан бұрын итальяндық ғалымдар Ай мен Марстың тіршілікке жарамдылығын зерттеп, өз жобаларын ұсынған.

Қатысты Мақалалар