МЕН ЖЕМҚОРҒА СЕНЕМІН!

/uploads/thumbnail/20170708161330292_small.jpg

Одаққа кірмеудің амалын өзім таба алмағасын, қолынан іс келетін мықтыларды іздей бастадым. Жігіттер, давай, шындықты айтайық – біздің елде ең мықты кім? Дұрыс! Жемқорлар! Бұлардың ең үлкеніне жолығу мүмкін де және аса құлқым да болмағасын ортанқолдау бір жемқорға жолығуды жөн көрдім. - Жөке, ассалаумағалейкум! - Иә, кімсің?! Жай жүрсің бе? - Қатты жүрмін. Сізге бір деловой предложением бар

- Иә? - Одаққа кірмеудің амалын жасаңыз - С какой стати мен олай жасаймын?! - Қалай түсінбейсіз! Сіз мысалы елді жеп жатсыз, иә? - Ну, жеп жатырмын! Бұйырса, жей беремін - Бұйырмайды! - Е, неге?! - Себебі ең әуелі және жылы-жұмсақты мәскеудің жемқоры асайды. Ал сіз сол қалған-құтқанды жейсіз! - Қой, ей! Қайдағыны соқпай! - Шын! Айтпақшы, кезінде обкомда істеген әкеңіз тірі емес пе? - Өй, әне жатыр ғой, сериал қарап - (Дауыс) Әй! Мына баланың айтқанының жаны бар – біз, ылғи, центрдің сүйек-саяғын мүжитін едік... - Харошо, нақты не ұсынасың, сонда? - Өзің сияқтыларға осыны айт, түсіндір - Ал сендерге бұдан не пайда? - «Елде болса ерінге тиеді» - сендер, бәрібір, аналарға қарағанда бәрібір әлі елсіңдер! Бәрін бірдей өздеріңіз жеп қоя алмайсыңдар, бізге де қалады дегендей - Қарайық, енді. Қолдан келсе - Неге келмесін?! Мен жемқорға сенемін! 11118

(Нұрлан Сәдірдің фейсбуктегі парақшасынан)

Қатысты Мақалалар