«Қазақстан» телеарнасы NHK корпорациясымен келіссөз жүргізді

/uploads/thumbnail/20171129162454702_small.jpg

2017 жылдың 27-29 қараша аралығында «Қазақстан» РТРК» АҚ делегациясы жұмыс сапарымен Токиоға барып қайтты. Сапар барысында Жапонияның ең танымал телеарналарының бірі – FujiTV –де болып, сол арнаның таңғы ақпараттық бағдарламалары мен  жаңалықтар бөлімінің ұйымдастырылу ерекшеліктерімен танысты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ, NHK корпорациясына барып, бүкіл әлемге хабар тарататын NHK World телеарнасының  таныстыру  рәсіміне қатысты.  Кездесу аясында қазақстандық делегация NHK хабар таратушы корпорациясының Президенті - Риочи Уэдамен және бірқатар департаменттердің басшыларымен танысып, екіжақты келіссөздер жүргізді. «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасы – Ерлан Қарин Астана және ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесі жайлы түсірілген арнайы бағдарлама үшін  жапондық әріптестеріне алғысын білдірді.

Айта кетсек, ұзақтығы 2 сағатқа жуық аталмыш жоба осы жылдың  қазан айында жапондық NHK телеарнасының эфирінде көрсетілген болатын.  Жапондық журналистердің айтуынша бұл жапон телевизиясы тарихындағы Қазақстан жайлы түсірілген ең ауқымды жобалардың бірі. 

Сондай-ақ, кездесу барысында екі жақ болашақ жоспарларымен бөлісіп, бірлесіп  деректі фильмдер шығарумен қатар, өзара телехикаялар мен контент алмастыру  сияқты ынтымақтастық бағыттарын қарастырды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар