Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

/uploads/thumbnail/20171122073603809_small.jpg

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, солтүстік, солтүстік-батыс, орталық пен оңтүстікте ғана кей жерлерде жауын-шашын болуы мүмкін, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет мәліметіне сүейніп.

 

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, желдің екпіні — 15-20 м/с.

Алматы облысында кей жерлерде тұман, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні — 18-23 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, күндіз Жарма ауданында желдің екпіні — 15-20 м/с.

Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында кей жерлерде тұман, Қарағанды облысында кей жерлерде көктайғақ болады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар