Атақты Роза Рымбаева Семей әкімінен көрген қорлығы жайында айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.
Халықтың сүйіктіне қысым жасаған! Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Роза Рымбаева Семей әкімінен бес жыл бойы қысастық көргенін айтты. Туған жеріне концерт қоюға барған Роза Қуанышқызы рояльдің жоқтығын сынаймын деп басы бәлеге қалған.
- Осыны сахнада айтамын деп бәлеге қалдым! 5 жыл қалаға кіргізбеді, деді Роза Рымбаева Семей қаласында өткізген кешінде.
Сахнадан айтылған сынға шыдай алмаған шенеунік Халық әртісін Семейге келтірмей қойыпты. Бұл туралы Роза Қуанышқызы осы өңірдегі концерті кезінде айтып берді. Бірақ, нақты қай шенді екенін атын атап, түсін түстемеді. Десе де, сол атқамінердің кесірінен халықтың сүйіктісі Семей өңіріне гастроль түгілі, тіпті қыдырып та келе алмағанын айтуда. Тек әкім ауысқан соң ғана араға бес жыл салып барып туған жеріне жеткен. Жалпы, өнер адамдары шенеуніктерден жиі қысастық көреді екен.
Сондай-ақ әнші, әрі актриса Меруерт Түсіпбаева да өзі туған Павлодар облысының шенеунігінен қысым көргенін, бүгінде ол өңірге бармайтынын айтты.
Пікір қалдыру