Өкіндіріп өтеді өмір жалған...

/uploads/thumbnail/20171120184050697_small.jpg

Өкіндіріп өтеді өмір жалған,
Жалған, жалған, жалғаннан көңіл қалған.
Жетемін деп жүргенде желдей есіп,
Қалады екен қол бұлғап соңыңда арман.

Арман, арман, аңсатқан қайран арман,
Жерде болған... адасып Айға қонған.
Жаңылдырмай жолыңнан қоймас, сірә,
Қу дүние көзіңді байлап алған. 

Жалын атқан жастық шақ, қуаныш-бақ, 
Кетеді екен келмеске тым алыстап.
Ашық күнде адасып кету оңай, 
Алсаң дағы қолыңа шырақ ұстап. 

Қалмау үшін өмірің ұқсап күзге,
Қанағат қыл... қалғыма, ұшпақты ізде.

Тұрлауы жоқ баянсыз бес күндіктің,
Тұра алмаспыз тұтқасын ұстап біз де.

Қалқаман Сарин

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар