ШҚО «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша көшбасшылардың бірі

/uploads/thumbnail/20171116110025784_small.png

Шығыс Қазақстан облысы республикада «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру бойынша көшбасшы болып тұр. Бұл туралы 2017 жылдың 13 қарашасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөнінде ардагерлер кеңесінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде айтылды.

«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі сұрақтар бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсе қызметінің ШҚО бойынша жетекшісі Ольга Шабалина сөз сөйледі. Ол осындай теңдессіз бағдарламаның орындалуын қаражат бөлу сияқты бұрынғы критерийлер мен индикаторлар бойынша бақылау мүмкін емес екендігін атап өтті, өйткені руханилық пен патриотизм ақшамен өлшенбейді. Сол себепті қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру үшін жобалық тәсіл таңдалды.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзінде 6 арнайы жобаны атап өтті. Біздің облыста 61 аймақтық жоба жұмыс істейді. Бұл жобалар республикалық тізілімге енгізілді. Сарапшылардың арнайы кеңесі олардың жүзеге асырылуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады. Ольга Сергеевна Республика бойынша теңдесі жоқ жобалардың бірі ретінде ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың бастамасымен жүзеге асырылған үш тілде білім беру жобасын атады. «Бұл жоба өз мәресіне жеткен кезде басқа облыстағылар бізден үйренетін болады» деді ол.

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан мен Ақтөбе облысы бөлінген қаражат көлемімен ғана емес, мақсаттың айқындығы мен негізгі көрсеткіш бойынша бағдарламаны іске асыру жөнінде  көшбасшы болып табылатынын айта кету керек.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар