Аты әлемге танымал Димаш Құдайбергеннің әкесі, әнші Қанат Айтбаев мемлекеттік марапатқа ие болды. Президент күні қарсаңында Қанат Айтбаев “Тіл жанашыры” төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Димаш Құдайберген өзінің әлеуметтік желісінде жарияланған болатын.
Қанат Құдайбергенұлын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі құттықтаған.
“Құрметті Қанат Құдайбергенұлы! Елімізде мемлекеттік тілдің дамуына қосып келе жатқан азаматтық үлесіңіз үшін Сізге зор алғысымды білдіремін және мықты денсаулық пен бақыт тілеймін”, – дейді Нұрсұлтан Әбішұлы.
Пікір қалдыру