Жыл жыл санап адамазаттың ойлау қабілеті дамып келеді, дамып келеді! Адамның миы керемет прогресс жасап жатыр! Медицина. Бір кездері кәдімгі соқыр ішектен қаншама адам мезгілсіз қаза болды? Бүгін ең шалғай ауылдағы, қатардағы хирург алып тастайтын, қалаларда жатқызып, лазермен операция жасап, бірер сағаттан соң үйіне қайтара салатын жетістікке жеттік. Тәтемнің көзіне операция жасағанын көрдік! Қазір бір адамның жүрегін бір адамға салып беретін, тіпті адамның ағзасынан клетка алып, адамның құлақ, бүйрек, жүрегіне дейін өсіріп бере алатын болыпты,,, Бір кездері армандауға да қиял жете алмайтын жетістіктер Техника. Ертегілерде еститін нәрселердің бәрі орындалып жатыр: Орындықта жайғасып отырып, тамақ ішіп, кино көріп отырып, жеті қат көктің үстінде ұшып келе жатасыз! Жердің шетінде жүрген адаммен көріп, сөйлесіп отыра бересің! Тұрмысымыз - от жағу, кір жуу, сиыр сауу, суық үйде тұру, қолдан етік жасап кию - балаларымызға айтсақ қиял ғажайып ертегіден естігендей, көз алдарына елестете алмайды көбісі. Мәдениет. Осыдан 500 – 1000, одан да бұрынырақ кездегі ( 500- 1000 жыл деген адамзаттың өмір сүріп жатқан кезеңдермен салыстырғанда сондай көп уақыт та емес) мәдениеттен қанша саты жоғары екеніне дау жоқ. Тазалық, киім киіс, сөз сөйлеу тағы басқасы. Бұл жерде, әрине, күмән тудыратын жерлері көп. Шын мәнінде бабаларымыздың мәдениеті жоғары ма, жоқ біздікі жоғары ма дегендей,, Осынша дамыған, осынша ілгерлеген адам баласы мал істемейтін зұлымдығын да жетілдіріп , малда да жоқ нәпсінің, құлқынның құлы болып келеді, келеміз.
Бір-бірін өлтіру. Етпен коректенетін жыртқыш аңдар қанша шама шарқы келсе де, тіпті өзінің қарсылас жауларын да қынадай қырмайды. Ал адамдар жер бетіндегі қанша соғыстарда өзі сияқты екі аяқты пенделерді қалай қырды? Жүз мыңдап, миллиондап! Газ камераға салып жағып, бас сүйектерінен тау жасап, үстілеріне бомба тастап! Бұл қылығына қарап отырып: қалай бұл екі аяғынан жүрген мақұлықты "Человек разумный" ақыл-есі бар пенде деп айтуға келеді деп ойлайсың... Дүние жинау. "Малдан күнің төмен, малсың ба, сен малсың" деп төмендететін малдар бұл жағдайда адамдардан әлде қайда "адамгершілігі" жоғары тұрады-ау! Қаншама қандастары, адамзат ішерге тамақ, киерге киім таба алмай жатқан кезде - мың адамға он жыл азық болатын жылтырақ тасты қолға, мойынға тағып, тышатын жеріне дейін алтындап, жүз, тіпті мың адамға баспана болатындай үйде жалғыз отбасы тұру, жүз адамға мінуге жарайтын көлікті жасап беруге жететін көлікті бір адам міну, жаза берсең бір түн жазып тауыса алмассың,, Атақ-абырайға ұмтылу. Атақ үшін, арзан жалған абырой жинау үшін адам не нәрсеге бармайды??? "Жалмауыздай жалаңдап, ар-ұяттан күсіп" кететінін күнде көруге болады! Билікке ұмтылу. Мал, хайуан баласы өз үйіріне билік жасауға таласады, онда да көбінесе оларға қамқор болып, жағдайларын жасап, басқалардан қорғау үшін, одан арысы оларға қажет емес! Ал жұмыр басты, екі аяқты, тинамдай ғана пенде жер бетін түгел бағындырсам деп әлектенеді. Сондағы өзінің ғұмыры қас қағым ғана сәт! Боққа керек жоқ, Мәнсапқа жетіп өзі сияқты екі аяқтылардың үстінен билік жүргізген уақыты ары кетсе 30 –40 жылға созылар ау,, Одан не рахат, не пайда?? Сол екі аяқты былай қарасаң, ақылды, білімді, бірақ істеген ісі миға симайтын мақұлықтың бірі - өзім екенін мойыдауым керек,, Сондағы жетілген, дамыған ой-санамыздың, ақылдың жеткен жері осы болды. Ми дамыған сайын, оның зұлымдық жасау қабілеті да дамып ақ келеді-ау,, Нәпсінің тәбетін екі аяқты мақұлық ешқашан тойдыра алмас,,, Осылай дами, дами екі аяғы бар мақұлық, жер бетіндегі өзімен қоса еш жазығы жоқ қаншама жан жануармен қоса тіршілікті жойып жіберетін заман да өте алыс жерде келе жатқан сияқты кейде,
(Ахметбек Нұрсиланың фейсбуктегі парақшасынан)